Biology 7 Textbook

Авторлар: А. Сагинтаев, Б. Эрметов, Б. Кенджи, Н. Кәрімова, Т. Жигитбаев, Қ. Жанасова, Б. АяшСынып: 7Жылы: 2023Тілі: ағылшынша

Biology 7. Textbook – 7-сынып оқушыларына арналған биология пәні бойынша ағылшын тілінде жазылған мектеп оқулығы. Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген және жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Кітапта тірі табиғаттың негізгі заңдылықтары мен биологиялық үдерістер жүйелі түрде қамтылған. Оқулық экожүйелерді (Ecosystems) зерттеуден басталып, тірі ағзаларды жіктеу (Classification) қағидаларын түсіндіреді. Сонымен қатар жасуша биологиясы (Cell Biology)су мен органикалық қосылыстар (Water and Organic Compounds) тақырыптары арқылы тіршіліктің молекулалық және жасушалық негіздері ашылады.

Оқулықта ағзалардағы тасымал (Transport)қоректену (Nutrition) және тыныс алу (Respiration) процестері логикалық бірізділікпен беріліп, биологиялық құбылыстардың өзара байланысын түсінуге мүмкіндік жасайды.

Материалдар оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, биология пәнін терең меңгеруге және ағылшын тіліндегі биологиялық терминологияны игеруге бағытталған. Оқулық мектеп оқушыларына, мұғалімдерге және CLIL бағдарламасы бойынша оқитын сыныптарға арналған.

Один ответ

Добавить комментарий