«Астана-кітап» баспасы 2010 жылы ашылған. Баспаның негізгі мақсаты – оқушыларды сапалы әрі заман талабына сай оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Баспа алғашқы қадамын талапкерлерге арналған дайындық оқу-құралдары және балалар әдебиетімен бастады. 2015 жылдан бастап, Елбасының ұсынған үштілділік саясатын қолдау, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында, «Астана-кітап» баспасы қостілді оқулықтар жобасын бастады. «Астана-кітап» негізгі орта білім беру мекемелеріндегі жаратылыстану пәндерін жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес қостілді оқулықтармен қамтамасыз ететін бірден-бір баспа. Баспа сонымен қатар балалар әдебиеті саласына көңіл бөліп жүр.