Құндылыққа негізделген білім беруге бағытталған балаларға арналған танымдық көркем әдебиеттер жинағы
Әртүрлі жанрлар (көркем әдебиет, фентези, ертегі, комикс, ғылыми-танымдық) мен тақырыптар, заманауи иллюстрация және шағын көлем, оқушының кітап оқуға қызығушылын оятары сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушысының танымдық (контекст, психология, зейін уақыты) және тілдік (сөздік қоры, оқу жылдамдығы, сөйлем ұзындығы, т.с.с) ерекшеліктерін ескере отырып жазылған шығармалар, баланың оқығанды түюіне қолайлы жағдай жасайды.
Әр сыныпқа арналған кітаптар үш негізгі бағытта әзірленген: «Құндылықтар» сериясы арқылы ұлтжандылық, мейірімділік, еңбекқорлық, табандылық сынды жалпы саны 18 құндылық дәріптеледі.