Інжу деген төбесінде үкісі бар қыз күтпеген оқиғаларды басынан кешеді. Ләти – жай ғана үкі емес, қыздың жан досы. Қызықтың бәрі әжесінің үйіне барғанда басталады.
Атасы айтқан әңгімелер бұған өзге әлемнің есігін ашады. Оқиға тоғайдағы тылсым бір жерден бастау алады. Бұлардың алдынан неше түрлі қиындық шығады. Інжудің екі жануар досы болмағанда қиын болушы еді. Өйткені оларды жүрегі қарайып кеткен ҚАРАДАҺТАР мен оттай ыстық мекен күтіп тұр…