15 минутта бір кітап бітіріп, күнделікті кітап оқу әдеті жеңіл әрі қызықты процесске айналады.
Оқушылар бұл кітаптар арқылы мейрімділік, адалдық, отансүйгіштік секілді ізгі құндылықтардың іс жүзінде, өмірде қандай болатынын әңгімелерден оқып, үйрене алады.
Мемлекет
Бір баланың кітапқа деген қызығушылығы “кітап оқитын ұлттың” қалыптасуының бастамасы.
Осылайша, бұл еліміздің еңбек нарығына адал, еңбекқор, жауапкершілік сынды құндылықты бойына сіңірген азаматтар келуіне ықпал етеді.
Мектеп
Жинақ әр мектепке «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыратын нақты құрал.
15 минут кітап оқу сағатында Smart kitaphana кітаптарын оқу арқылы, оқуға деген қызығушылығы артады.
Бүгінде Smart bala жобасы бойынша 46 мектепке кітаптар таратылды
Бұл – тек бастамасы ғана
Алдағы мақсат – 1000 мектепті қамтып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі әрбір баланың қолына құнды кітап жеткізу
Жоба қалай жүзеге асады?
Жеткізілетін мектеп туралы толық ақпарат алынады
Қазақстанның түкпір түкпіріне 2-5 күн ішінде жеткізіледі
Мектептегі жауапты адаммен (кітапханашы) байланыс орнатылып, оқырман трекері арқылы балалардың оқу үлгерімін қадағалаймыз.
Бақылау
Әр тоқсан сайын оқырман трекері арқылы кітап оқу белсенділігін қадағалаймыз
Статистика жинаймыз
Барлық процесстерді әлеуметтік желілерге жариялап отырамыз
Тұрақты оқырмандар үшін кітапханашылар мен баспаның ұйымдастыруы арқылы тест, викториналар ұйымдастырамыз
Ең белсенді мектептерге марапаттау қағаздары табысталады