| Авторлар: A. Yelemessov,Y. Bazarov,A. Turapbekov | Сынып: 10 | Жылы: 2023 | Тілі: ағылшынша |
Algebra 10. Textbook — 10-сынып оқушыларына арналған алгебра пәні бойынша ағылшын тілінде әзірленген мектеп оқулығы. Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген және мектеп бағдарламасына толық сәйкес келеді.
Оқулықта функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, ықтималдық, көпмүшеліктер, шектер, туындылар және туындыларды қолдану, кездейсоқ шамалар сияқты негізгі алгебралық тақырыптар қарастырылады. Материалдар оқушыларға математикалық логика мен есептеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Материалдар логикалық түрде ұсынылған және оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, шешім қабылдау және проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2 ответа
Балам КТЛ 10 сынып оқушысы, балама физика және алгебра жетпей қалды, мүмкіндік болса сол екі кітапты бере аласыз ба,
Ізгі ниетпен НҰРАШ Еламан, Атырау қаласы
Сәлеметсіз бе! Егер оқулықты сатып алғыңыз келсе, біздің сату менеджерімізге хабарласып не Шың кітап дүкенінен сатып алсаңыз болады.
Ал егер оқулық жетпей қалған болса, мәселені балаңыз білім алатын мектептің әкімшілігімен шешсеңіздер. Рахмет!