| Авторлар: А. Сагинтаев, Б. Эрметов, Б. Кенджи, Н. Кәрімова, Т. Жигитбаев, Қ. Жанасова, Б. Аяш | Сынып: 7 | Жылы: 2023 | Тілі: ағылшынша+қазақша |
Biology 7. Қостілді оқулық – 7-сынып оқушыларына арналған биология пәні бойынша ағылшын және қазақ тілдерінде әзірленген мектеп оқулығы. Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген және жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.
Оқулықта тірі табиғаттың негізгі заңдылықтары мен биологиялық үдерістер бірізді түрде қарастырылған. Материал экожүйелер (Ecosystems) тақырыбынан басталып, тірі ағзаларды жіктеу (Classification)қағидаларымен жалғасады. Жасуша биологиясы (Cell Biology) тарауында тіршіліктің құрылымдық негіздері түсіндіріледі.
Сонымен қатар оқулықта су мен органикалық қосылыстар (Water and Organic Compounds), ағзалардағы заттардың тасымалдануы (Transport), қоректену (Nutrition) және тыныс алу (Respiration) процестері логикалық байланыста берілген.
Қостілді формат оқушылардың биология пәнін терең меңгеруіне, ғылыми ұғымдарды екі тілде түсінуіне және ағылшын тіліндегі пәндік терминологияны еркін қолдануына мүмкіндік береді. Оқулық мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған.
2 ответа
Саламатсыздар ма. Кітапті қалай сатып алуға болады. және қаншадан
Сәлеметсізбе!Кітапты Шыңкітап дүкенінен сатып алсаңыз болады. Немесе біздің менеджерімізге хабарласып алсаңыз болады: +7 707 288 7525